Skip to content
Жаңалықтар 27 қырқүйек — Бүкіләлемдік туризм күні!

27 қырқүйек — Бүкіләлемдік туризм күні!

«27 қырқүйек — Бүкіләлемдік туризм күні!» мерекесіне орай Екпінді ауылындағы М.Әубәкіров атындағы орта мектебінің мектеп-интернаттың оқушыларына “Жоңғар Алатауы МҰТП”РММ Алакөл филиалының экология ағарту және туризм мамандары, Ақжар ауылдық округінің мәдениет үйінің қызметкерлерімен бірлесе отырып мектеп- интернат тәрбиешінің А.Казнабаеваның ұйымдастыруымен спорттық жарыс өткізілді. Спорттық ойын барысында “Бірлік”және “Достық” команда қатысты. Әр команда қатысушылары белсене атсалысып, өз өнерлерін жан-жақты көрсетті.Ойын барысында әділ қазы алқалары жеңімпаздарды анықтап,топ басшыларын сыйлықтармен марапаттады.
✍🏼Алакөл филиалы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *