Skip to content
Жаңалықтар Ынтымақтастық туралы меморандум жасалды

Ынтымақтастық туралы меморандум жасалды

10 желтоқсан күні “Жоңғар-Алатауы МҰТП” РММ мен “Аманбөктер негізгі орта мектебі МДШО” КММ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға екі жақты келісім жасалып, қол қойылды. Экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған “Таза Қазақстан” тұжырымдамасын іске асыру барысында парк қызметкерлері оқушыларға “Табиғатты аяла” атты дәріс өткізді. Сонымен қатар, мектеп орманшылығы “Жасыл клуб” мүшелері ұлттық парктің:
1) Рекреация, экологиялық ағарту және туризм;
2) Ғылым;
3) Табиғи қорық қорын қалпына келтіру және қорғау;
4) Жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту
бөлімдерінің жұмыс бағыттарымен танысты.
Кездесу барысында ұлттық парктің ғылыми кітапханасына, табиғат мұражайына экскурсия жүргізілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *