Қыс кезіндегі биотехниялық іс-шаралар жабайы жануарлардың қолайсыз ауа райы жағдайында аман қалуын қамтамасыз етуге бағытталады.
Бұл шаралар жануарлардың қыстан шығынсыз шығуына, популяцияның сақталуына және табиғи тепе-теңдіктің бұзылмауына ықпал етеді.
Ұлттық парктің мемлекеттік инспекторлары жабайы жануарларды қосымша қорекпен қоректендіру мақсатында биотехниялық іс-шаралар жүргізуде.
🖊️Жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту бөлімі


