«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ұлттық парк қызметкерлері еріктілермен бірлесіп үлкен кісілерге көмек көрсетіп, үй ауласын тазалады.
⚜️Үлкенге құрмет, кішіге ізет — халқымыздың асыл құндылығы.
Осындай игі істер арқылы қоғамда мейірім мен бірліктің артуына ықпал етеді.