Skip to content
Жаңалықтар Сабақ өткізілді

Сабақ өткізілді

  • by

🌿«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұлттық парктің қызметкерлері М. Аубакиров атындағы орта мектебінің 5-8 сынып оқушыларына «Қоқысты сұрыптаудың маңыздылығы» атты сабақты топтық сайыс ретінде өткізді.

Сабақ барысында табиғатпен үйлесімді өмір сүру қағидалары, қоқысты сұрыптау тақырыптары талқыланды. Оқушылар белсенділік танытып, өз идеяларымен бөлісті.

🌱Табиғатты аялау – болашаққа жасалған ең үлкен қамқорлық!

🖊️Алакөл филиалы