Skip to content
Жаңалықтар Бүгін — Дүниежүзілік экскурсоводтар күні!

Бүгін — Дүниежүзілік экскурсоводтар күні!

  • by

Экскурсовод — жай ғана мамандық емес. Бұл — туған өлкені сүю, шабыттандыру, біліммен бөлісу және мәдениетке, тарих пен табиғатқа деген қызығушылықты оята білу.

🗺️Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің экскурсоводтары флора мен фауна туралы, тарихи деректер мен аңыздармен бөлісіп, туристік маршруттарды мазмұнды әрі қызықты етеді.
Олардың еңбегінің арқасында біз табиғи және мәдени мұраға ұқыппен қарауды, бүгінді тереңірек түсінуді және әрбір мекеннің бірегейлігін бағалауды үйренеміз.

✨Мерекелеріңіз құтты болсын, әріптестер! Сіздерге зор денсаулық, шабыт және шығармашылық табыс тілейміз!