2026 жылғы 11-12 ақпан күндері «Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ аумағында Сарқан, Ақсу және Алакөл аудандарының орман пайдаланушыларымен жанама орман пайдалану аясындағы маусымдық мал жаю мәселесі бойынша жиналыс өткізілді.
🔹Іс-шараға ауылдық округ әкімдері, аудандық әкімдіктердің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдерінің мамандары, сондай-ақ ветеринариялық бақылау және қадағалау мамандары қатысты. Жиналыс барысында парк қызметкерлері — табиғат пайдалану инженерлері Г. Абакумова мен Б. Нүсіпов, ғылыми қызметкер М. Кальная, инженер-эколог М. Унербекова, рекреация және туризм инженері А. Мақсұтов түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
🔹Мамандар парк аумағында қысқа мерзімді маусымдық мал жаюдың құқықтық негіздерін, учаскелерді беру тәртібін, 2026 жылға арналған орман пайдалану төлемақысын енгізу тәртібін, санитарлық және өрт қауіпсіздігі талаптарын, сондай-ақ орман пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін және орман билетін алу тәртібін жан-жақты түсіндірді.
🔹Жиналыс қорытындысы бойынша жанама орман пайдалану барысында табиғат қорғау заңнамасының белгіленген нормалары мен талаптарын қатаң сақтау қажеттігі атап өтілді.
«Табиғи қорық қорын қорғау және қалпына келтіру» бөлімі.