🔹2026 жылғы 13 қаңтардағы №19 н/қ «Мемлекеттік инспекторларды оқыту туралы» бұйрыққа және Рекреация, экологиялық ағарту және туризм бөлімінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес 17-18 ақпан күндері бөлім қызметкерлері Алакөл, Лепсі, Сарқан филиалдарының мемлекеттік инспекторлар құрамына оқыту семинар өткізді.
🔹Семинар барысында ұлттық парктің туристік-рекреациялық қызметі, экологиялық ағарту іс-шараларының бағыттары, сондай-ақ әлеуметтік желілерге арналған ақпараттық материалдарды дайындау мәселелері қарастырылды.
Оқыту қорытындысы бойынша тестілеу өткізіліп, инспекторлардың білім деңгейі тексерілді.