2026 жылғы 13 қаңтардағы №19 н/қ «Мемлекеттік инспекторларды оқыту туралы» бұйрығына, «Жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту» бөлімінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, 18-20 ақпан күндері Алакөл, Лепсі және Сарқан филиалдарының мемлекеттік инспекторлар құрамына оқыту семинарын өткізді.
Семинар барысында бөлімнің атқаратын қызметтері түсіндіріліп, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің нормалары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Оқыту қорытындысы бойынша тестілеу ұйымдастырылып, инспекторлардың білім деңгейі тексерілді.
🖊️Жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту бөлімі