Skip to content
Жаңалықтар Оқыту семинары өткізілді

Оқыту семинары өткізілді

  • by

2026 жылғы 13 қаңтардағы №19 н/қ «Мемлекеттік инспекторларды оқыту туралы» бұйрығына, «Табиғи қорық қорын қорғау және қалпына келтіру» бөлімінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, 6, 19 ақпан күндері бөлім қызметкерлері Алакөл, Лепсі және Сарқан филиалдарының мемлекеттік инспекторлар құрамына оқыту семинарын өткізді.
Семинар барысында орманды қалпына келтіру және молықтыру, орман өртіне қарсы іс-шаралар, орман заңнамаларына енгізілген өзгерістер туралы және жанама орман пайдалану бойынша ережелері түсіндіріліп қарастырылды.
Оқыту қорытындысы бойынша тестілеу ұйымдастырылып, инспекторлардың білім деңгейі тексерілді.

🖊️«Табиғи қорық қорын қорғау және қалпына келтіру» бөлімі