Skip to content
Жаңалықтар Өртке қарсы күрес шаралары

Өртке қарсы күрес шаралары

  • by

Ұлттық парк қызметкерлері О.Молдағожин атындағы орта мектебінің «Жасыл желек» мектеп орманшылығының 7-сынып оқушыларына «Өртке қарсы күрес шаралары» тақырыбында экологиялық дәріс өткізді.
♻️Іс-шараның мақсаты – орман өрттерінің шығу себептері, олардың табиғатқа және адам өміріне тигізетін зияны туралы түсінік беру, өрттің алдын алу жолдарын үйрету және өрт кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға баулу.
Сабақ барысында оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын дамыту мәселелері талқыланды.