Skip to content
Жаңалықтар Сабақ өткізілді

Сабақ өткізілді

  • by

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ұлттық парктің қызметкерлері Көкөзек орта мектебінің 5-8 сынып оқушыларына «Кіші ғылыми академия» атты интерактивті сабақ өткізді.
Оқушылар топтарға бөлініп, табиғатты қорғау тақырыбында өз жобаларын ұсынды. ♻️Сабақ барысында қызықты экологиялық квест ұйымдастырылып, оқушылар белсенді қатысып, қоршаған ортаны сақтау жөніндегі білімдері мен дағдыларын көрсетті.

🌿Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Болашақ үшін табиғатты бірге аялайық!