Skip to content
Жаңалықтар Жабайы жануарлар

Жабайы жануарлар

  • by

📸2026 жылдың басынан бастап Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында фототұзақтар арқылы жабайы жануарлардың қысқы тіршілігіне мониторинг жүргізілуде.

🐾Зерттеу барысында таутеке, сілеусін, марал, қасқыр және жабайы шошқаның қыс мезгіліндегі белсенділігі мен таралу ерекшеліктері тіркелді. Алынған мәліметтер жануарлардың маусымдық мінез-құлқын бағалауға, сондай-ақ сирек кездесетін және қорғауға алынған түрлердің қазіргі жай-күйі туралы нақты деректер қалыптастыруға мүмкіндік береді.