Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері қасиетті Рамазан айының ізгі дәстүрлерін ұлықтай отырып, қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Ізгі шараның басты мақсаты — қоғамдағы мұқтаж жандарға әлеуметтік қолдау көрсету, мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу. Ұлттық парк қызметкерлері алдағы уақытта да осындай игі бастамаларды жалғастырып, қоғамға пайдалы әлеуметтік жобаларға белсенді түрде атсалысуды жоспарлап отыр.