Skip to content
Жаңалықтар Құстарға қамқор болайық

Құстарға қамқор болайық

  • by

12 наурыз күні «Таза Қазақстан» акциясы аясында және «Халықаралық құстар күні» экологиялық акциясының жоспарына сәйкес ұлттық парк мамандары Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушыларына «Құстарға ұя жәшіктерін жасау» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.
🐦‍⬛Іс-шара барысында оқушыларға құстардың табиғаттағы маңызы, оларды қорғау және құстарға қолайлы жағдай жасау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Парк қызметкерлері оқушылармен бірге құстарға арналған ұя жәшіктерін жасап, олардың қандай материалдардан жасалатыны және қай жерлерге орналастыру қажет екені туралы мәлімет берді.
🔨Шеберлік сабағының нәтижесінде мектеп ауласына 10 дана ұя жәшігі ілінді. Бұл жұмыстар оқушылардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, құстарға қамқорлық жасауға бағытталған.