11 наурыз күні Сарқан ауданының әкімі Ғ. Маманбаев Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.
🔹Кездесу барысында алдағы 15 наурызда өтетін референдумның маңыздылығы туралы пікір алмасу өтті. Ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылданатын бұл күні әрбір азаматтың таңдауы айрықша мәнге ие екені атап өтілді.
🔹Ұлттық парктің табиғат мұражайында экскурсия ұйымдастырылып, қонақтар парктің табиғи және тарихи-мәдени нысандарымен таныстырылды.