Skip to content
Жаңалықтар Жетекші неміс туристік операторы DIAMIR Erlebnisreisen GmBH «Алтын-Емел» және «Жоңғар-Алатауы» ұлттық паркінде жаңа туристі маршруттарды ұсынады

Жетекші неміс туристік операторы DIAMIR Erlebnisreisen GmBH «Алтын-Емел» және «Жоңғар-Алатауы» ұлттық паркінде жаңа туристі маршруттарды ұсынады

  • by

Жетісу облысының делегациясы ITB Berlin 2026 әлемдегі ең ірі туристік көрмесінде бірқатар нәтижелі келіссөздер жүргізді. Көрмеге қатысудың басты нәтижесі – халықаралық байланыстарды нығайту және туризм индустриясының жетекші өкілдерімен нақты келісімдерге қол жеткізу болды.

Біз Германияның жетекші туроператоры DIAMIR Erlebnisreisen компаниясымен ынтымақтастықтың басталғанын қуана хабарлаймыз. Бұл компания әлем бойынша эксклюзивті шытырман оқиғалы және экологиялық турларды ұйымдастыруда танылған сарапшы болып табылады. Енді олардың туристік бағыттары қатарында біздің өңір де маңызды орын алмақ.

ITB Berlin 2026 көрмесі аясында қол жеткізілген келісімдерге сәйкес, Жетісу облысының бірегей табиғи нысандары еуропалық саяхатшыларға арналған туристік ұсыныстарға ресми түрде енгізіледі:

— «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі: Айғайқұмның айбынды келбеті мен Ақтау тауларының ерекше марстық пейзаждары Еуропадан келетін табиғат сүйер қауым үшін бұрынғыдан да қолжетімді болмақ.

— «Жоңғар-Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі: Жоңғар Алатауы жотасының адам қолы тимеген ормандары, сарқырамалары мен бай биоалуантүрлілігі өңірдегі экспедициялық туризмнің жаңа кезеңін ашады.

ITB Berlin көрмесі алаңында қол жеткізілген келісімге сәйкес, Германиядан келетін туристерге арналған тұрақты топтық турларды іске қосу жоспарланып отыр. Бұл тек инфрақұрылымға шетелдік инвестициялар тартуға мүмкіндік беріп қана қоймай, Жетісудың әлемдік туристік картада қауіпсіз, қонақжай әрі бәсекеге қабілетті бағыт ретінде танылып келе жатқанын көрсетеді.

Біз Жетісу облысының туристік әлеуетін ілгерілетуді жалғастыра отырып, сапалы туристік маршруттарды дамытуға және сенімді халықаралық серіктестіктерді нығайтуға күш саламыз.

Жетісу — әрбір адам көруге тиіс өлке!