🌱 Дүниежүзілік сенбілік (World Cleanup Day) күні табиғи аумақтардың тазалығын сақтау және қоршаған ортаны қорғау мақсатында Ұлттық парктің қатысуымен Сарқан орман тұқымбағының аумағында сенбілік ұйымдастырылды.
🧹 Сенбілік барысында аумақ санитарлық тазартудан өткізіліп, 0,5 тоннаға жуық құрғақ жапырақтар мен өсімдік қалдықтары жиналды.
🚛 Жиналған қалдықтар арнайы техниканың көмегімен белгіленген орынға шығарылды.
🌍 Табиғатты таза ұстау — баршамызға ортақ міндет. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған осындай игі шаралар табиғатқа деген жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.