Skip to content
Жаңалықтар Дүниежүзілік туризм күніне арналған іс-шара өткізілді

Дүниежүзілік туризм күніне арналған іс-шара өткізілді

  • by

Дүниежүзілік туризм күніне арналған іс-шара өткізілді

Дүниежүзілік туризм күніне орай Сарқан көпсалалы колледжінің студенттері мен Балалар шығармашылық үйінің тәрбиеленушілерінің қатысуымен танымдық әрі спорттық іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында Балалар шығармашылық үйінің тәрбиеленушілері өнер көрсетіп, ән шырқап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Колледж студенттері арасында спорттық сайыстар өткізіліп, қатысушылар өзара бақ сынасты. Жеңімпаздар жүлделі орындарға ие болып, арнайы марапаттарға ие болды.

Сонымен қатар, Ұлттық парк қызметкері туризм саласында қолданылатын құрал-жабдықтарды таныстырып, олардың қызметі мен пайдалану ерекшеліктері туралы ақпарат берді.
Іс-шараға қатысқан адам саны 70 адам
Ресми түрде