🔹Ұлттық табиғи паркінің Лепсі филиалында өрт қауіптілігінің lV-ші сыныбына көтерілуне, сондай-ақ маралдардың күйекке түсу кезеңінде және аң аулау мерзімі басталуына байланысты, заңбұзушылықтардың алдын алу мақсатында рейдтік жұмыстар атқарылды.
🔹Рейдтік жұмыстарға Лепсі филиалы директорының орынбасары Жанұзақ Өмұрзақұлы қатысып, ұлттық парк аумағында табиғатты қорғау талаптарының сақталуына бақылау жүргізді.
🔹Рейд барысында аумақтар тексеріліп, жануарлар дүниесін қорғау және табиғи ресурстарды заңсыз пайдаланудың алдын алу бағытында түсіндіру және бақылау жұмыстары жүргізілді.
🔹Рейд нәтижесінде ешқандай заңбұзушылық фактілері анықталған жоқ.
🔹Ұлттық парк аумағында табиғи кешендерді, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау мақсатындағы рейдтік жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда.