Skip to content
Жаңалықтар ОРМАН ӨРТТЕРІНЕ ҚАРСЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

ОРМАН ӨРТТЕРІНЕ ҚАРСЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

  • by

Ұлттық парктің Сарқан филиалында орман өрттерінің алдын алу және төтенше жағдай туындаған кезде жедел әрекет ету мақсатында жоспарға сәйкес өртке қарсы оқу-жаттығу жұмыстары өткізілді.

Оқу-жаттығу барысында өртке қарсы топ құрамының дабыл бойынша жиналуынан бастап, шартты өрт ошағын анықтау және оны жоюға дейінгі іс-қимылдары пысықталды.

Жаттығу барысында:
диспетчерлік байланыс және жедел хабарлау тәртібі;
картамен жұмыс істеу және шартты өрт ошағын анықтау;
өрт сөндіру құралдары мен техникалардың әзірлігі;
шартты өрт ошағын сөндіру жұмыстары пысықталды.

Оқу-жаттығу нәтижесінде қызметкерлердің орман өрттерін жедел анықтау, ұйымдасқан түрде әрекет ету және өртті сөндіру бойынша практикалық дағдылары жетілдірілді.

Табиғатты қорғау – ортақ міндет!