«Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өткізілді
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұлттық парк басқармасының аумағында сенбілік ұйымдастырылды.
Сенбілік барысында аумақты тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға барлығы 15 адам қатысып, тазалық жұмыстарына белсене атсалысты. Нәтижесінде 0,05 тонна тұрмыстық қоқыс жиналып, арнайы техникамен шығарылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, табиғи аумақтарды абаттандыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Табиғатты қорғау – ортақ міндет!