Skip to content
Жаңалықтар Туризм саласына арналған танымдық сайыс

Туризм саласына арналған танымдық сайыс

  • by

Туризм саласына арналған танымдық сайыс

Дүниежүзілік туризм күніне орай Тоқжайлау ауылы көпсалалы колледжінің туризм саласы студенттерімен Алакөл филиалының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен танымдық сайыс ұйымдастырылды.

Сайыс барысында студенттер туризм саласында қолданылатын түрлі құрал-жабдықтар мен заттарды тану бойынша өз білімдері мен шеберліктерін сынады.

Қатысушылар белсенділік танытып, туризмге қатысты білімдерін ортаға салды.

Іс-шараға барлығы 30 адам қатысты.

Осындай танымдық іс-шаралар жастардың туризм саласына қызығушылығын арттырып, кәсіби білімдерін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Табиғатты танып, туризмді бірге дамытайық!