Жоңғар-Алатауында борсық фототұзаққа түсті
Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орнатылған фототұзақтардың бірі борсықты (Meles meles) тіркеді
Борсық — таулы және орманды аумақтарды мекендейтін сүтқоректі. Ол жәндіктермен, ұсақ омыртқалылармен және өсімдік тектес қорекпен қоректеніп, табиғи экожүйедегі қоректік байланыстарда өзіндік орын алады
Мұндай кадрлар тек әдемі көрініс емес. Фототұзақтан алынған деректер мамандарға жануарлардың таралуын, белсенділігін және мекендеу ортасын бақылауға мүмкіндік береді
Ал бұл жолы Жоңғар-Алатауының жабайы табиғатынан объективке іліккен кейіпкер — борсық