Skip to content
Жаңалықтар ӘКЕДЕН БАЛАҒА ЖАЛҒАСҚАН АСЫЛ МАМАНДЫҚ

ӘКЕДЕН БАЛАҒА ЖАЛҒАСҚАН АСЫЛ МАМАНДЫҚ

  • by

🌲 ӘКЕДЕН БАЛАҒА ЖАЛҒАСҚАН АСЫЛ МАМАНДЫҚ

🌿 Орманды қорғау – жай ғана мамандық емес, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын жауапты міндет.

«Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ-нің рекреация және туризм жөніндегі инженері Варлаков Раджив Олегович – орман шаруашылығы саласындағы отбасылық еңбек дәстүрін жалғастырып келе жатқан азамат.

1987 жылы Лепсі ауылында дүниеге келген Раджив Олегович еңбек жолын 2009 жылы Лепсі орман шаруашылығында бастаған. 2010 жылы ұлттық парк құрылғаннан кейін орман шебері қызметін атқарып, бүгінде рекреация және туризм саласында еңбек етуде.

🌳 Оның ата-анасы да саналы ғұмырын орман шаруашылығына арнап, осы саладан зейнеткерлікке шыққан. Ата-анасының табиғатқа деген сүйіспеншілігі мен адал еңбегі бүгінде ұлының кәсіби жолында жалғасын табуда.

💚 17 жылдық еңбек өтілі бар Раджив Олегович үшін орман – тек жұмыс орны емес, ата-анасынан қалған аманат, жүрегіне жақын қастерлі мекен.

Осындай өз ісіне адал, табиғат жанашыры болған азаматтар – ұлттық парктің мақтанышы!

🌲 Орманымыз өрттен аман, табиғатымыз жасыл, еңбектеріңіз жемісті болсын!

#ТабиғаттыңҮнсізСақшылары #Орманшылар #ПриродаКазахстана #WildlifeConservation #NatureOfKazakhstan