ЛЕПСІ ФИЛИАЛЫНДА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
«Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ Лепсі филиалының директоры қызметіне Жанұзақ Өмұрзақұлы тағайындалды.
Жанұзақ Өмұрзақұлы1984 жылы Жетісу облысы, Сарқан ауданы, Абай ауылында дүниеге келген.
🎓 Білімі:
• 2001–2003 жылдары Талғар қаласындағы аграрлық колледжде білім алған;
• 2012–2014 жылдары «Орман шаруашылығы» мамандығы бойынша білім алған;
• 2019–2021 жылдары Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Орман шаруашылығы» мамандығын меңгерген.
💼 Еңбек жолы:
Жанұзақ Өмұрзақұлы еңбек жолын 2003 жылы Алакөл ауданындағы Достық бекетінде оператор қызметінен бастаған.
2012–2016 жылдары «Жоңғар-Алатауы МҰТП» РММ Сарқан филиалында мемлекеттік инспектор, кейін аңшылықтанушы және туризм шебері қызметтерін атқарған.
2018–2020 жылдары «Жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту» бөлімінің басшысы, 2020 жылы мемлекеттік инспектор, ал 2021 жылдан бастап Сарқан филиалы директорының орынбасары қызметін атқарды.
📌 2026 жылғы 5 қазанда Жанұзақ Өмірзақұлы «Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ Лепсі филиалының директоры лауазымына тағайындалды.
Жаңа қызметіңізге сәттілік, толағай табыс және ел игілігі жолындағы еңбегіңізге жеміс тілейміз!
#ЖоңғарАлатауы #ҰлттықПарк #ЛепсіФилиалы #Тағайындау #ЖанұзақӨмірзақұлы Жетісу ТабиғаттыҚорғау

