ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ – ОТБАСЫНЫҢ ОРТАҚ МАҚСАТЫ
💚 Бір отбасы, бір мамандық, бір мақсат!
Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде еңбек ететін Асан Қамзанов пен Назила Бекбосынова – өмірде де, қызметте де бір-біріне серік болған табиғат жанашырлары.
🌲 Он бес жылға жуық уақыт бойы бір салада еңбек етіп келе жатқан ерлі-зайыптылар табиғатты қорғауды отбасылық ортақ міндетке айналдырған.
Олардың табиғатқа деген сүйіспеншілігі мен кәсібіне адалдығы – жас ұрпаққа үлгі.
🎥 Табиғат қорғауды өмірлік мақсат еткен отбасының еңбек жолы туралы толығырақ бейнесюжеттен көріңіздер!
#ЖоңғарАлатауы #ҰлттықПарк #ТабиғаттыҚорғау #ОрманСақшылары #ОтбасыҚұндылығы Жетісу ТабиғатЖанашырлары