ЖЫЛДАР СӨЙЛЕЙДІ: КЕШЕ МЕН БҮГІН
🌲 Ұлттық парктің Лепсі филиалы – тарих пен бүгінгі еңбектің сабақтастығы.
📸 Ескі суреттер – өткеннің куәсі, ал бүгінгі көріністер – жылдар бойы атқарылған қажырлы еңбектің жалғасы.
Уақыт өзгерді, техника жаңарды, жұмыс тәсілдері жетілді. Алайда табиғатты қорғау, орман байлығын сақтау және келер ұрпаққа жеткізу жолындағы ортақ мақсат өзгерген жоқ.
🌱 Кезінде аға буын бастаған игі істерді бүгінде жас ұрпақ жалғастырып келеді. Әр отырғызылған көшет, әр қорғалған орман алқабы – табиғатқа деген жанашырлықтың белгісі.
🌳 Жылдар өтсе де, табиғатқа деген адалдық өзгермейді!
Кеше – тарих, бүгін – еңбек, ертең – ұрпаққа аманат!
#ТабиғаттыңҮнсізСақшылары #Орманшылар #ПриродаКазахстана #WildlifeConservation #NatureOfKazakhstan




