Skip to content
Жаңалықтар 23 қазан-Халықаралық қар барысы күні

23 қазан-Халықаралық қар барысы күні

2024 жылғы 23 қазан күні бүкіл әлем Халықаралық қар барысы күні атап өтілді. Осы күнге орай, «Жоңғар Алатауы МҰТП» РММ Алакөл филиалының қызметкерлері, Қабанбай шығармашылық орталығының ұстаздарымен бірлесе, сирек кездесетін жануарды қорғау мен сақтауға арналған, «Қар барысын бірге сақтайық!» сурет байқауын өткізді. Байқау 7-14 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер арасында өткізілді. Байқауға қатысқан оқушыларға суретті салуға шектеулі уақыт беріліп, өздерінің фантазияларына ерік беру арқылы әртүрлі суреттер мен қолөнер бұйымдары жасалды. Әділ қазы алқалары әділ баға беріп, жеңімпаздарды марапаттады. #қарбарысынсақтайық ✍🏻Алакөл филиалы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *