Skip to content
Жаңалықтар Жіңішке масақ жауылша

Жіңішке масақ жауылша

Жіңішке масақ жауылша (Alyssum stenostachyum Botsch. & Vved.) – қырыққабаттар тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Жапырақтары ұзынша, биіктігі 5-25 см. ІV – VІ айларда гүлдейді. Гүлшоғырлары — барлық гүл сағақ ұштарында орналасқан, қарапайым тығыз масақ тәрізді.
Парк аумағының Тополевка орманшылығы, Шолақжота шатқалы, Аманбөктер орманшылығы күзет аймағы Қарашоқы шатқалында таралған.

✍️Ғылым бөлімі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *