Өсімдіктердің қысты өткізудегі бейімделуі
🌿Қыс мезгілінде өсімдіктер сыртқы орта жағдайының күрт өзгеруіне бейімделу үшін физиологиялық тыныштық күйге көшеді. Бұл кезеңде жапырақтарын түсіріп, ылғал жоғалтуды азайтады. Бүршіктері арнайы қабыршақтармен жабылып, төмен температурадан қорғалады.
🌱Жасушаларында температураның әсерінен зақымданбау үшін қорғаныш заттар — табиғи антифриздер жиналады. Тамыр мен сабақта қоректік заттар қор ретінде сақталады. Осылайша өсімдіктер көктемге дейін тіршілігін сақтап қалады.
🖊️Ғылым бөлімі
