12.02.2026 жылы Талдықорған қаласында «Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ аумағында туристік инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі өкілдерімен кеңес өтті.
🔹Кеңес барысында ұлттық парк өкілдері — ғылым жөніндегі бас директордың орынбасары Т. Қасымханова және рекреация, экологиялық ағарту және туризм бөлімінің басшысы М. Сулейменова «Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ аумағында туристік-рекреациялық қызмет үшін жер учаскелерін пайдалануға беру қағидаларын түсіндіріп, туристік маршруттар бойындағы қолжетімді жер учаскелерімен таныстырды.
🔹Кәсіпкерлер тарапынан ұлттық парк аумағындағы инвестициялық мүмкіндіктерге қатысты сұрақтар қойылып, туристік инфрақұрылымды дамытуға байланысты өзекті мәселелер талқыланды.