Skip to content
Жаңалықтар Үйлестіру кеңесі

Үйлестіру кеңесі

  • by

Ағымдағы жылдың 2 наурыз күні ұлттық парктің мәжіліс залында үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.

📍 Күн тәртібінде:
1.«Жоңғар-Алатауы МҰТП» РММ-нің бас жоспарына түзетулер мен өзгерістер енгізу жобасы;
2. Туристік-рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген ұлттық парктің учаскелерінде объектілер салу мәселелері;
3. Үйлестіру кеңесі мүшелерінің құрамын қайта қарау және бекіту мәселелері қарастырылды.

🔹Жиын барысында жоғарыда қарастырылған мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар мен пікірлер айтылды.
Қабылданған шешімдер ұлттық парк аумағын тиімді басқаруға, табиғи кешендерді сақтауға және туристік-рекреациялық қызметті жүйелі дамытуға бағытталған.