2013 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 68-ші сессиясында 3 наурызды Дүниежүзілік жабайы табиғат күні деп жариялау туралы шешім қабылданды. Бұл күн — табиғаттың баға жетпес байлығы саналатын жабайы жануарлар мен өсімдіктер әлеміне назар аударып, оларды қорғаудың маңызын еске салатын ерекше күн.
🌿Ұлттық парк аумағында өсімдіктердің 902 түрі, балықтардың 3 түрі, қосмекенділердің 2 түрі, жорғалаушылардың 9 түрі, құстардың 171 түрі, сүтқоректілердің 49 түрі, омыртқасыздардың 786 түрі кездеседі. Сондай-ақ, парк аумағында ҚР Қызыл кітабына енгізілген жойылып кету қаупі төнген түрлер де бар. Атап айтқанда: өсімдіктердің 25 түрі, құстардың 14 түрі, сүтқоректілердің 7 түрі, омыртқасыздардың 7 түрі тіркелген.
🐾Жабайы табиғатты сақтау — биоалуантүрлілікті қорғау, экожүйенің тепе-теңдігін қамтамасыз ету және оны болашақ ұрпаққа аманат ету деген сөз. Әрбір саналы қадам, әрбір игі іс — табиғатты қорғауға қосылған үлес.
🌍 Табиғатты аялау — өз болашағымызды сақтау!
