«Жоңғар-Алатауы МҰТП» РММ Сарқан филиалының аумағында – Аманбөктер, Басқан және Тополевка орманшылықтарында – жабайы жануарлар дүниесін браконьерліктен және заңсыз ағаш кесуден қорғауға бағытталған жедел ұтқыр топтың кезекті рейдтік іс-шарасы өткізілді. Бекітілген жұмыс жоспарына және табиғат қорғау заңнамасының талаптарына сәйкес ұйымдастырылған іс-шараға шекара қызметкерлері де белсенді қатысты.
Рейд барысында ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда заң бұзушылықтардың алдын алу; аумаққа бақылауды күшейту; жергілікті тұрғындар арасында табиғат қорғау заңнамасын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Рейдтік іс-шараның қорытындысы бойынша заң бұзушылық фактілері анықталған жоқ. Бұл бірлескен профилактикалық жұмыстардың тиімділігін көрсетеді.
🌿 Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз.