Skip to content
Жаңалықтар 2026 жылдың өрт қаупі бар маусымына ұлттық табиғи парк филиалдарының дайындығына тексеріс

2026 жылдың өрт қаупі бар маусымына ұлттық табиғи парк филиалдарының дайындығына тексеріс

  • by

«Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ-нің 2026 жылғы 26 қаңтардағы №29-нқ бұйрығы негізінде «Табиғи кешендерді қорғау және қалпына келтіру» бөлімінің қызметкерлері тарапынан 25-27 ақпан аралығында Лепсі, Алакөл және Сарқан филиалдарының 2026 жылдың өрт қаупі бар маусымына дайындығына тексеріс жүргізілді.
🔹Тексеру қорытындысы бойынша филиалдардың дайындық деңгейі анықталды. Жалпы ұлттық парк бойынша өрт қаупі бар маусымға дайындық деңгейі қанағаттанарлық деп бағаланды.
Ұлттық парк аумағында орман өрттерінің және табиғат қорғау заңнамасының бұзылуының алдын алу мақсатында үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда.