Бұл күн қазақ халқының бай мәдени мұрасын, ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрлерін дәріптеуге арналған.
Осыған орай ұлттық парк қызметкерлері тұсау кесу рәсімін өткізіп, халқымыздың көне әрі мағыналы дәстүрін жаңғыртты.
⚜️Рәсім барысында балаға ақ тілектер айтылып, үлкендер бата беріп, оның өмір жолы ашық, қадамы нық болсын деген ізгі ниет білдірілді.
🤍Осындай игі шаралар ұлттық салт-дәстүрді насихаттап, жас ұрпақтың бойына ата-баба мұрасын сіңіруге бағытталған. Ұлттық дәстүріміз ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берсін!