⚜️18 наурыз – Ұлттық киім күні
Ұлттық киім күні – халқымыздың бай мәдени мұрасы мен ұлттық болмысын айшықтайтын ерекше мереке.
Осы күні ұлттық парк ұжымы қазақтың ұлттық киімдерін дәріптеп, ата дәстүрімізді ұлықтауға өз үлестерін қосты. Қызметкерлер ұлттық нақыштағы киімдер киіп, халқымыздың салт-дәстүріне деген құрметін көрсетті.
⚜️Ұлттық киім – ұлттың айнасы. Оны сақтау, насихаттау және келер ұрпаққа жеткізу – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Ұлттық құндылықтарымыз ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берсін!