20 наурыз – Ұлттық спорт күніне орай парк қызметкерлері арасында ұлттық ойындардан жарыс ұйымдастырылды.
Іс-шара ұлттық құндылықтарды насихаттауға және салауатты өмір салтын дәріптеуге бағытталды.
🏹 Жарыс бағдарламасына қазақтың ұлттық ойындары – асық ату, садақ ату және қол күрес енгізілді. Сонымен қатар эстафета және турникке тартылу бойынша жарыстар өткізілді. Әр ойын түрінде шеберлік пен дәлдік, күш пен ептілік сынға түсті.
🏆 Жарыс қорытындысы бойынша:
I орын – Басқарма;
II орын – Алакөл филиалы;
III орын – Лепсі филиалы.
Сарқан филиалы белсенді қатысып, жоғары ұйымшылдығымен және спортқа деген қызығушылығымен ерекшеленді.
♻️Мұндай іс-шаралар ұлттық спорт түрлерін жаңғыртып, ұжым арасындағы бірлікті нығайтуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға зор үлес қосады.