🌿 21 наурыз – Ынтымақ күні – халқымыздың бірлігі мен татулығын дәріптейтін ерекше мереке.
🌷Бұл күн – адамдар арасындағы сыйластықты нығайтып, достық пен өзара түсіністікті арттыратын, барша жұртты ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіретін күн.
🌱 Ынтымақ – елдің берекесі, қоғамның тұрақтылығы мен дамуының негізі. Бірлік бар жерде – тірлік бар. Сондықтан бұл күні әр адам айналасына мейірім мен жылулық сыйлап, татулық пен келісімнің маңызын сезінеді.
🔹Ұлттық парк ұжымы да осы игі мерекеде баршаңызды Ынтымақ күнімен құттықтай отырып, елімізге тыныштық, халқымызға бірлік пен береке тілейді!
💐Ынтымағымыз жарасып, татулығымыз нығая берсін!