Skip to content
Жаңалықтар Наурыз мейрамына орай ұлттық парк қызметкерлері Талдықорған қаласында көрме ұйымдастырды

Наурыз мейрамына орай ұлттық парк қызметкерлері Талдықорған қаласында көрме ұйымдастырды

  • by

🌿 Көрменің басты мақсаты – табиғатты қорғау ісін насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және келушілерді парктің табиғи байлықтарымен таныстыру.
Іс-шара барысында ұлттық парк аумағындағы бірегей флора мен фаунаға қатысты фотосуреттер, ақпараттық стендтер мен танымдық материалдар көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар, Жоңғар Алатауының әсем табиғаты, сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, оның ішінде Сиверс алмасы туралы кеңінен мәлімет берілді. Мамандар табиғатты қорғаудың маңыздылығын түсіндіріп, экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

⚜️ Көрме қала тұрғындары мен қонақтарының қызығушылығын тудырып, Наурыз мейрамының рухына сай көтеріңкі көңіл күй сыйлады.