🌿 21 наурыз күні «Таза Қазақстан» және «Парктер шеруі» акциялары аясында, «Халықаралық құстар күніне» орай ұлттық парктің Сарқан филиалының қызметкерлері Аманбөктер және Теректі орта мектептерінің 4-6-сынып оқушыларына «Құстарға қамқор болайық» тақырыбында практикалық сабақ өткізді.
🕊️ Іс-шараның мақсаты – оқушыларға табиғатты аялау мен құстарды қорғаудың маңызын түсіндіру.
Оқушылар құстардың тіршілігі туралы мәлімет алып, сабаққа белсенді қатысты. Мектеп аулаларына 5 ұя жәшігі мен 5 жем салғыш орнатылды.


