Skip to content
Жаңалықтар Алматы–Өскемен автожолында еліктердің қауіпсіз өтуі қамтамасыз етілді

Алматы–Өскемен автожолында еліктердің қауіпсіз өтуі қамтамасыз етілді

  • by

28 наурызда Алматы–Өскемен автожолының 494 км учаскесінде қоршаулар салдарынан еліктердің бір бөлігі жолдан өте алмай қалған жағдай тіркелді.

Осыған байланысты ұлттық парк қызметкерлері автожол мекемесі, Алакөл ауданы әкімдігі және Орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі Жетісу облыстық аумақтық инспекциясы мамандарымен бірлесіп, қоршаудың бір бөлігін уақытша ашу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде еліктердің автожолдан қауіпсіз өтуіне мүмкіндік жасалды.

Ұлттық парк табиғатты қорғау бағытындағы жұмыстарды тиісті мекемелермен бірлесіп жалғастырады.