🚨Назар аударыңыз!🚨
🦌Жабайы жануарлардың маусымдық қоныс аудару кезеңі басталғанын хабарлаймыз.
Маусымдық көші-қон, негізінен, наурыз айының үшінші онкүндігінен бастап сәуір айының екінші онкүндігі аралығында өтеді. Осы кезеңде жабайы жануарлар түнгі және таңғы ерте уақытта белсенді болып, күндізгі мезгілде жайылып, қозғалысы баяулайды.
Қоныс аудару бағыттары «Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ филиалдары бойынша келесі аумақтарды қамтиды:
• Сарқан филиалы жануарлары: Жансүгіров – Қойлық ауылдары аралығы;
• Лепсі филиалы жануарлары: Қойлық – Қабанбай ауылдары аралығы;
• Алакөл филиалы жануарлары: Көлбай – Үшарал қаласы аралығы.
🚦Осыған байланысты, көлік жүргізушілерінен көші-қон жолдарына жақын аумақтарда жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, сағат 18:00–07:00 аралығында жылдамдықты шектеуді және ескерту белгілеріне ерекше назар аударуды сұраймыз!
♻️Табиғатты қорғау — баршамыздың ортақ міндетіміз.
