«Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ аумағында еліктердің маусымдық көші-қон кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар ұйымдастырушылық және практикалық шаралар қабылданды.
📍Атап айтқанда, 29 наурыз күні парк қызметкерлері тарапынан автожолдардың қауіпті учаскелерінде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, жануарлардың қозғалысы тұрақты бақылауға алынды. Сонымен қатар, автожол мекемесі, жергілікті атқарушы органдар және орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі саласының мамандарымен бірлесіп, қоршаулардың жекелеген бөліктерін уақытша ашу жұмыстары жүргізілді.
Кешегі күні жол қоршауынан арнайы ашылған өткелдің арқасында, бүгін 29 наурыз күні шамамен 100-ге жуық елік автожолдан қауіпсіз өтті.
Сондай-ақ, жүргізушілерге түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта да еліктердің қозғалысына тұрақты бақылау жүргізілетін болады.
📍Қабылданған шаралар жабайы жануарлардың табиғи көші-қон үдерісіне кедергі келтірмей, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.