Skip to content
Жаңалықтар 1 сәуір – Халықаралық құстар күні

1 сәуір – Халықаралық құстар күні

  • by

🕊️1 сәуір – Халықаралық құстар күні
Халықаралық құстар күні – табиғатты қорғауға бағытталған маңызды экологиялық мерекелердің бірі.
🌿«Таза Қазақстан» және «Парктер шеруі-2026» экологиялық акциялары аясында, сондай-ақ аталған күнге орай ұлттық парктің Сарқан филиалының қызметкерлері Екіаша орта мектебінің 2-10 сынып оқушылары арасында «Құстар – біздің досымыз» атты экологиялық конкурс ұйымдастырып, өткізді.
🐦‍⬛Іс-шара барысында оқушылар әртүрлі құстар туралы баяндама жасап, олардың тіршілік ету ортасы, ерекшеліктері мен табиғаттағы рөлі жөнінде мәліметтер ұсынды. Ұлттық парктің мемлекеттік инспекторлары оқушыларға құстардың табиғаттағы маңызы, оларды қорғау жолдары және қоршаған ортаны сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мектеп ауласына 5 дана ұя жәшіктері орнатты.
🕊️Табиғаттың көркі мен сәні болған құстарды қорғау – әрбір азаматтың ортақ міндеті.