🌿8 сәуір күні «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ұлттық парктің бас директоры Марат Нұрғазыұлы мен рекреация, экологиялық ағарту және туризм бөлімінің мамандары Абай атындағы орта мектеп-гимназиясының 5-8 сынып оқушыларына «Таза Қазақстан — болашақ кепілі» тақырыбында «Жоңғар-Алатауы МҰТП-нің флора мен фаунасы, табиғи және тарихи-мәдени нысандары» атты дәріс өткізді.
🌱Сабақ барысында оқушыларға табиғатты қорғаудың маңыздылығы, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаны таза ұстаудың қажеттілігі туралы түсіндірілді. Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» бастамасының негізгі мақсаттары мен міндеттері кеңінен таныстырылды.
Іс-шара барысында оқушылар белсенді қатысып, өз пікірлерін білдіріп, табиғатты қорғауға байланысты сұрақтар қойды. Ұлттық парк қызметінің негізгі бағыттары, сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді сақтау, сондай-ақ табиғатты аялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берілді. Қатысушылар саны — 65 оқушы.