6 сәуір күні Сарқан филиалының Тополевка орманшылығы аумағында орманды молықтыру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында жалпы көлемі 3,0 гектар жерге 5625 дана Сиверс алмасы көшеттері отырғызылды.
🍎Сиверс алмасы – Қазақстан аумағында табиғи түрде өсетін, мәдени алма ағаштарының арғы тегі болып саналатын ерекше әрі құнды өсімдік түрі. Ол биоалуантүрлілікті сақтауда және экожүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
🌱Алдағы уақытта орман қорын ұлғайту, сирек кездесетін өсімдіктерді сақтау және жасыл желекті көбейту бағытындағы жұмыстар жалғасын табатын болады.



