🌿«Таза Қазақстан» және «Парктер шеруі-2026» экологиялық акциялары аясында ұлттық парктің Лепсі филиалының қызметкерлері Лепсі орта мектебінің «Жас орманшы» мектеп орманшылығының оқушыларымен бірлесіп, «Қанатты құстар» атты практикалық сабақ ұйымдастырып, өткізді.
🕊️Мемлекеттік инспекторлар оқушыларды ұя жәшіктерін жасау әдістерімен таныстырып, оларды бірге әзірледі. Нәтижесінде мектеп ауласына 25 дана ұя жәшігі орнатылды.
Табиғаттың көркі мен сәні – құстар. Оларды қорғау – әрбір азаматтың ортақ міндеті.