Skip to content
Жаңалықтар Алтын-Емел МҰТП-нің 30 жылдық мерейтойы аталып өтті

Алтын-Емел МҰТП-нің 30 жылдық мерейтойы аталып өтті

  • by

⚜️Бүгін Алтын-Емел мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шараға «Жоңғар-Алатауы МҰТП» бас директоры М. Кабиев және парк қызметкерлері қатысып, әріптестерін айтулы мерекемен құттықтады.

🌿Іс-шара барысында ұлттық парктің табиғатты қорғау саласындағы жетістіктері атап өтіліп, көпжылдық еңбектің нәтижелері таныстырылды. Сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғау, биоалуантүрлілікті сақтау бағытындағы бірлескен жұмыстардың маңыздылығы ерекше айтылды.

💐Құрметті әріптестер @altynemel_np, мерейтойларыңыз құтты болсын! Еңбектеріңіз табысты әрі жемісті болып, табиғатты қорғау жолындағы игі істеріңіз әрдайым жалғасын таба берсін!